Қазақтармен ойнап жүрген «Қайсарға» легионерлер қосылады – Ермұхамед Мәулен
Белгілі спорт комментаторы әрі футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен келер маусымға қатысты қызықты мәлімет бөлісті.
«Инсайд айтайын, келесі жылы «Қайсар» қайтадан легионерлер алады. Облыс әкіміне ұсыныс айтып жатыр екен, әкім көніп тұрған секілді. Келесі жылы бәрі белгілі болады», – деді ол Fonteam подкастында.
Айта кетейік, биылғы маусымда “Қайсар” тек қазақстандық футболшылармен ойнап жатыр. Бұл – ҚПЛ тарихындағы алғашқы жағдай. Соған қарамастан, қызылордалық клуб өз алаңында “Қайрат” пен “Тобыл” сияқты мықты қарсыластардан ұпай тартып алды.
Қазіргі таңда маусымның аяқталуына екі тур қалды, “Қайсар” 20 ұпаймен турнир кестесінде 12-орында тұр.
Фото: Фк Қайсар
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған