Мәзір
Футбол

Қазақстанның үздік футболшысы маңызды мәлімдеме жасады

Сабина Асқарқызы 108 қаралым
Қазақстанның үздік футболшысы маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстан әйелдер құрамасының 32 жастағы капитаны Юлия Мясникова Мәскеудің ЦСКА командасынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

«Менің ЦСКА-мен жеті жылдық сапарым аяқталды. Клубқа сенім білдіргені және құрамында болу мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтамын. Бұл мен үшін кәсіби жолдағы маңызды кезең болды – жоғары талаптармен, жауапкершілікпен және командалық рухпен өтті. Мұнда әр күн бар күшімді салып, дамуды талап етті. Айрықша алғысымды жанкүйерлерге айтқым келеді: сіздердің қолдауларыңыз қиын сәттерде жігер берді және алаңда соңына дейін күресуге мүмкіндік берді!» – деді Мясникова.

2025 жылы спортшы ЦСКА сапында 15 матчқа шықты, үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

 

 

Фото: Юлия Мясникова жеке архивінен

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар