Мәзір
Футбол

Қазақстанның екі дүркін чемпиондары Түркияға аттанды

Сабина Асқарқызы 73 қаралым
Қазақстанның екі дүркін чемпиондары Түркияға аттанды

Қарағандының «Шахтер» футбол клубы маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады.

Түркияда өтетін жиынға команданың бас бапкері Дмитрий Огай жетекшілік етеді. Дайындық кезеңіне келесі футболшылар аттанады:

Қақпашылар:
Игорь Шацкий, Никита Килджиев, Нұралы Нұрғалиев;

Қорғаушылар:
Михаил Габышев, Тимур Рудосельский, Шахсұлтан Зубайділдә, Роман Божко, Богдан Савкив, Александр Мигунов, Данила Васильченко, Алихан Исраилов, Али Ақылбаев;

Жартылай қорғаушылар:
Рифат Нурмугамет, Максим Галкин, Нұрхан Қағазбаев, Уәлихан Мұхаметжанов, Алан Азамат, Рафаиль Оспанов, Аслан Ахмедов, Диас Орынбасар, Амаль Сеитов, Глеб Макридов, Роман Асылбаев, Даниял Назаров;

Шабуылшылар:
Артем Литош, Ален Пак, Илья Гезик, Владислав Прокопенко, Диас Қалыбаев.

Айта кетейік, Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында «Шахтер» бірнеше жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Бұл кезең команда үшін жаңа маусым алдындағы дайындықтың маңызды бөлігі болмақ.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар