457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қазақстанға футболшылар ақша үшін барады». Шетелдік бапкер елдегі легионерлер жайлы айтты

Қазақстан беларусьтік футболшылар мен бапкерлерді жалақы деңгейі әлдеқайда жоғары болғаны үшін шақырып отыр

Беларусьтік маман Юрий Пунтус қазақстандық футбол жанкүйерлеріне белгілі бапкер Кирилл Альшевскийдің Қазақстан чемпионатындағы болашағына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bel.football басылымы жазды.

- Кирилл Альшевский павлодарлық «Ертіс» клубының бас бапкері болып тағайындалып, командасына төрт беларусьтік футболшыны шақырды. Неліктен қазақстандық клубтарға біздің футболшылар белсенді түрде ауысуда?

- Егер Кирилл Петрович бұл ойыншылар өзіне қойылған міндеттерді орындай алады деп есептесе, бұл – бір мәселе. Алайда қазіргі таңда футболшылар Қазақстанға көбіне қаржылық себеппен барады. Бұл үрдіс Кеңес Одағы кезеңінен бастау алған. Жас кезімде мен қазіргі «Елімай» клубына (ол кезде Семейдің «Спартак» клубы еді) ауысқанмын. Біз ол жаққа чемпионат деңгейі жоғары болғандықтан емес, жалақы жақсы болғандықтан барғанбыз. Өкінішке қарай, бүгінде де Қазақстан беларусьтік футболшылар мен бапкерлерді жалақы деңгейі әлдеқайда жоғары болғаны үшін шақырып отыр, - деді Юрий Пунтус.

Еске салайық, 13 қаңтар күні Қазақстанның бес дүркін чемпионы павлодарлық «Ертіс» клубы беларусьтік маман Кирилл Альшевскиймен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлаған болатын. Альшевский әр жылдары «Рух», «Лиепая», БАТЭ, «РУОР», минскілік «Динамо» клубтарында жұмыс істеп, сондай-ақ Беларусь жастар құрамаларының құрылымында қызмет атқарған.