457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық жасөспірімдер Бішкектегі турнирде топ жарды

Қазақстан футбол федерациясының U-16 академиясы Бішкекте өткен халықаралық Talents Cup турнирінде бірінші орынды иеленді.

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген командалар қатысты. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, әр команда бір-бірімен бір реттен кездесті.

ҚФФ U-16 академиясы алғашқы ойында Тәжікстан құрамасымен 3:3 есебімен тең түссе, ал екінші кездесуде Қырғызстан құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл матчта голдарды Никита Лисохмар, Платон Шипицин және Ануар Төленді соқты.

Турнирдің қорытынды нәтижесі бойынша 4 ұпай жинаған ҚФФ U-16 академиясы бірінші орын алса, Тәжікстан U-16 екінші, ал Қырғызстан U-16 құрамасы үшінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, ҚФФ U-16 академиясының екі футболшысы турнирдің үздіктері қатарына кірді: Давид Заречный – үздік ойыншы, Абай Заманбек – үздік қақпашы атанды.

Фото: ҚФФ