457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасында төрелік етеді

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы екінші іріктеу кезеңі асында жұмыс істейді.

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының «Партизан» – «УНА» матчында қызмет атқарады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Футбол федерациясының мәліметінше, отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы екінші іріктеу кезеңі аясындағы сербиялық «Партизан» мен Люксембургтың «УНА» клубы арасындағы кездесуге тағайындау алды.
Ойынның бас төрешісі болып Данияр Сахи бекітілді. Оған Юрий Тихонюк пен Самат Тергеусізов көмектеседі. Қосалқы төрешінің міндетін Георгий Чеховский атқарады. 
Кездесу 23-інен 24 шілдеге қараған түні Белградта өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Фото: ҚФФ