Мәзір
Футбол

Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатында қазылық етеді

Сабина Асқарқызы 167 қаралым
Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатында қазылық етеді

Қазақстандық төрешілер Наргис Магау мен Татьяна Сорокопудова WU-17 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің В4 іріктеу тобының ойындарын басқарады. 

Бұл топта Люксембург, Түркия және Солтүстік Ирландия құрамалары ойнайды.

Татьяна Сорокопудова Люксембург – Түркия ойынына қосалқы төреші ретінде, ал Солтүстік Ирландия – Люксембург кездесуіне бас төреші ретінде қызмет етеді. 

Ал Наргис Магау Люксембург – Түркия және Түркия – Солтүстік Ирландия матчтарында бас төрешінің көмекшісі болады.

Ойындар 3–8 қарашада Люксембургтің Линтген және Консдорф қалаларында өтеді.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар