Мәзір
Футбол

Қазақстандық төреші  VAR бойынша УЕФА семинарына қатысты

Сабина Асқарқызы 108 қаралым
Қазақстандық төреші  VAR бойынша УЕФА семинарына қатысты

УЕФА Кипрде VAR жүйесі бойынша семинар өткізді.

Оған Еуропаның әр елінен 27 бейнекөмекші арбитр (VMO) бас қосты.

Семинардың мақсаты - УЕФА аясында өтетін матчтарда жаңа VMO төрешілер тобын дайындау. Алғаш рет бұл курсқа Қазақстаннан төрешінің бейнекөмешісі Айдын Тасыбаев қатысты. 

Семинарда VAR протоколы, ойын ережесі, ойын эпизодтарын бағалау бойынша бірнеше сатыдан тұратын тест болды. Отандық VMO-ның УЕФА семинарына қатысуы төрешілер корпусына сенім артылғанын көрсетеді. Сондай-ақ қазақстандық төрешілердің халықаралық деңгейде өзін көрсетуге мүмкіндік.

ФОТО: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар