Қазақстандық шабуылшының «Бернлидегі» дебюті қашан өтеді?
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернли» клубы сапындағы алғашқы ресми кездесуін өткізуге жақын, деп хабарлайды malimsports.kz.
Чемпионшиптің екінші турында «Бернли» сырт алаңда «Вест Бромвичпен» кездеседі. Ойын 23 тамыз күні Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады. Осы матчта 18 жастағы қазақстандық футболшы жаңа командасы сапында ресми дебют жасауы ықтимал.
Дастан Сәтпаев биыл жазда алматылық «Қайраттан» Лондонның «Челси» клубына ауысып, кейін бір маусымға «Бернлиге» жалға берілді.
Маусым алдындағы дайындық барысында қазақстандық шабуылшы «Челси» құрамында бірнеше жолдастық кездесуге қатысып, алғашқы голын да соқты. Енді ол Англия чемпионатындағы алғашқы ресми ойынын өткізуге мүмкіндік алуы мүмкін.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев кәсіби футболдағы дебютін 2024 жылдың мамыр айында небәрі 15 жасында «Қайрат» сапында жасаған болатын. Алматылық клуб құрамында барлық турнирде, соның ішінде УЕФА Чемпиондар лигасында 58 матч өткізіп, 26 голдың авторы атанды.
Фото: "Бернли" фк
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған