457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық шабуылшы Беларусь чемпионатына ауысты

Қазақстандық шабуылшы Ерсұлтан Төреқұл мансабын Беларусьтің «Барановичи» клубында жалғастырады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 жастағы қазақстандық футболшы командамен келісімшартқа қол қойды.

Ерсұлтан Төреқұл кәсіби мансабын 2017 жылы «Астана Ж» клубында бастаған. Кейін «Қайсар», «Жас-Сұңқар» және «Ұлытау» командаларында өнер көрсетті. Қазақстан Премьер-лигасында 28 матч өткізген.

Айта кетейік, бұған дейін, үш жыл бұрын, қазақстандық шабуылшы Беларусьтің «Белшина» клубында қаралымнан өткен болатын. Алайда оқу-жаттығу жиыны кезінде жарақат алып, команда сапына қосыла алмаған еді.

Осылайша, Ерсұлтан Төреқұлдың Беларусь чемпионатындағы алғашқы ресми маусымы «Барановичи» клубында басталмақ.

 

Фото: "Барановичи" ФК