Семейлік «Елімай» оқу-жаттығу жиыны аясында Мәскеудің «Спартак» клубымен жолдастық матч өткізуі мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz.
Инсайдер деректеріне сүйенсек, «Елімай» – «Спартак» кездесуі 2026 жылғы 19 ақпанда өтеді деп жоспарлануда.
«Біздің ақпаратқа сәйкес, семейлік «Елімай» оқу-жаттығу жиыны кезінде Мәскеудің «Спартак» клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын 19 ақпанға белгіленген», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін семейлік клуб Данияның «Силькеборг» командасынан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовты трансфер арқылы қатарға қосқаны хабарланған еді.
Сонымен қатар, «Елімай» 22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Арсен Әшірбекпен келісімшартқа қол қойған.
Фото: "Елімай" ФК