Мәзір
Футбол

Қазақстандық футболшылардың нарықтық құны өсті

Сабина Асқарқызы 118 қаралым
Қазақстандық футболшылардың нарықтық құны өсті

Transfermarkt порталы мәліметіне сәйкес, соңғы уақытта бірқатар қазақстандық футболшылардың құны артты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Құндылық өсімін Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек бастап тұр: бір жылда оның бағасы 375 мың еуродан 600 мың еуроға дейін көтеріліп, өсім көрсеткіші 166%-ға жетті. Мамандар бұл динамиканы қазақстандық футбол үшін сирек жағдай деп бағалайды.

Екінші орында Ресейдің «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов тұр: оның құны 1,3 миллион еуродан 2,5 миллион еуроға өскен, өсім – 108%. Үздік үштікті семейлік «Елімайдың» қорғаушысы Әділбек Жұмаханов толықтырады – 250 мың еуродан 600 мың еуроға дейін, өсім 71%.

Сонымен қатар құны өскен футболшылар қатарында Шотландияның «Хартс» клубына ауысқан Ислам Чесноков, «Қайрат» ойыншылары Дамир Қасабулат пен Дастан Сәтпаев, «Сабах» клубының Стас Покатилов, «Ақтөбе» командасының Артур Шушеначев және «Тобыл» ойыншысы Александр Зуев бар.

 

 

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар