457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық футболшы испаниялық клубпен келісімшарттың шарттарын ашып айтты

Нұрғалидың айтуынша, ол келесі маусымда, яғни қыркүйек айында басталатын кезеңде клубтың резервтік құрамына қосылады.

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Алдияр Нұрғали ASnews.kz сайтына берген сұхбатында испаниялық «Леванте» клубымен жасалған келісімшарттың шарттары туралы айтып берді, деп хабарлайды malimsports.kz

Нұрғалидың айтуынша, ол келесі маусымда, яғни қыркүйек айында басталатын кезеңде клубтың резервтік құрамына қосылады.

«Одан кейін негізгі құрамда дебют жасауға мүмкіндік болады. Бұл - “3+2” жүйесі бойынша келісімшарт, алғашқы жыл - өтпелі кезең», - деді футболшы.

Сондай-ақ ол Испанияның басқа клубтарынан да ұсыныстар болғанын жеткізді.

"Валенсия" мен "Вильярреалдан" нұсқалар болды, бірақ ол жерде мен тек U19 құрамында - өзімнің қазіргі жас санатымда ғана ойнайтын едім. Ал “Левантеде” менің әлеуетімді шынымен байқаған сияқты», - деп қосты Алдияр Нұрғали.

Басылымның мәліметінше, Алдияр Нұрғали 2023 жылдың жазында Испанияға көшкен. Бұған дейін ол «Хисторикс» жасөспірімдер командасында, сондай-ақ «Астана» мен «Қайрат» футбол орталықтарында өнер көрсеткен.

Фото: instagram.com/aldiyar_nurgali