457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық футболшы «Барселона» ойыншысы атанды

16 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Мендіқанов ресми түрде Испанияның әйгілі «Барселона» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жас вингер каталониялық клубпен келісімшартқа қол қойып, енді әлемге танымал «Ла Масия» академиясының жастар құрамында өнер көрсетеді.

Бұл жаңалықты Кәрім Мендіқанов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, келісімшартқа қол қою сәтінен және «Барселона» эмблемасы жанында түскен суреттерімен бөлісті.

Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа отырғанымды мақтан тұтамын, – деп жазды жас футболшы.

Кәрім 2022 жылы отбасымен бірге Испанияға қоныс аударған. Алғашында Каталонияның төменгі дивизион клубтарында өнер көрсетіп, кейін «Серданьола» және «Сан-Кугат» академияларында шеберлігін шыңдады. Оның ойыны «Барселона» скауттарының назарын аударып, нәтижесінде тараптар үш жылдық келісімшартқа келісті.

Орал қаласының тумасы футболдағы алғашқы қадамдарын бапкер Сергей Кондаковтың жетекшілігімен бастаған. Оң қапталдағы вингер жылдамдығы, дриблингі және қарсыластарын жеке шеберлігімен алдап өте білуімен ерекшеленеді.

2026 жылдың сәуірінде Мендіқанов алғаш рет Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырту алып, Шымкентте өткен UEFA Development Tournament жарысында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

 

Фото: ашық дереккөзден