Мәзір
Футбол

Қазақстандық делегат УЕФА Еуропа лигасының матчында қызмет атқарады

Сабина Асқарқызы 134 қаралым
Қазақстандық делегат УЕФА Еуропа лигасының матчында қызмет атқарады

Қазақстандық маман Аян Әлжанов УЕФА Еуропа лигасының 2026/27 жылғы маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчқа делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

9 шілде күні Әзербайжанда «Қарабах» пен Исландияның «Вестри» командалары кездеседі. Матч Баку қаласындағы Тофик Бахрамов атындағы республикалық стадионда жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.

Аян Әлжанов аталған кездесуде УЕФА матч делегаты қызметін атқарады. УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар