457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандағы футбол клубтары жекешелендіріле бастады

Блогер Ербол Еділовтің дерегінше, «Шахтёр» клубы – Тимур Турловқа, «Жеңіс» клубы – Михаил Ломтадзеге, ал «Қызыл-Жар» клубы – Сергей Канға сеніп тапсырылмақ.

Бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдетуді тапсырған болатын, деп хабарлайды malimsports.kz.

Президенттің айтуынша, кәсіби спортты дамытудың бірден-бір жолы – оны табысты бизнес-индустрия ретінде қалыптастыру.

Осыған байланысты бірқатар отандық футбол клубтарына инвесторлар табылды. Блогер Ербол Еділовтің дерегінше, «Шахтёр» клубы – Тимур Турловқа, «Жеңіс» клубы – Михаил Ломтадзеге, ал «Қызыл-Жар» клубы – Сергей Канға сеніп тапсырылмақ.

Сонымен бірге, қызылордалық «Қайсар» клубына жергілікті жас кәсіпкер, құрылыс саласының өкілі Исламғали Қозбақов иелік етеді. Ол келісімшарт аясында заманауи футбол академиясын салып, шамамен 12 млрд теңге инвестиция құюды жоспарлап отыр.

«Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни, клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз. Қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: ҚР футбол федерациясы