Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет отырысында Қазақстандағы жаңа стадиондар құрылысының барысын баяндады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Министрдің айтуынша, Алматыда жаңа стадион салу жоспарланып отыр.
«Жеті қалада жеті стадион салуға жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Қызылордада УЕФА стандарты бойынша үшінші санатқа сәйкес келетін стадион биыл күзде пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен стадиондар салу жұмыстары басталып кетті», – деді Мырзабосынов.
Сондай-ақ, ол стадиондардың мемлекетке түсетін түпкілікті құны жобалау жұмыстары аяқталған соң белгілі болатынын атап өтті.
«Мемлекет басшысы шетелдегі жеке клубтарды мысалға алып, стадиондарды ел қаржысынан емес, баламалы көздерден қаржыландыру жөнінде міндет қойды», – деді министр.
Фото: Juan Salamanca / Pexels