Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы капитаны Геворг Наджарян кәсіби футболдан кететінін жариялады.
27 жастағы футболшы бұл шешімге өмірлік жағдайлар әсер еткенін айтса да, футболға басқа рөлде оралуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Мүмкін футболға демеуші ретінде оралармын. Өмірімдік жағдайлар ойыншы ретіндегі карьерамды аяқтауға мәжбүр етті», – деді Наджарян Legalbet.kz-ке берген сұхбатында.
Геворг Наджарян соңғы рет 2024 жылдың қарашасында «Атырау» сапында алаңға шыққан. «Қайратқа» қарсы ойында ол тізесіндегі айқыш байланыстарды үзіп алған еді. Дәл осы ауыр жарақат оның мансабына нүкте қойды.
Наджарян – қарағандылық «Шахтёр» клубының түлегі. Қазақстанда «Астана», «Атырау» клубтарының намысын қорғап, сондай-ақ Арменияның «Ван» және «Пюник» командаларына да ойнаған.
ҚПЛ-де жалпы 132 матч өткізіп, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Ол «Пюник» сапында УЕФА Чемпиондар лигасында, «Астана» құрамында Еуропа лигасында, ал «Шахтёр» қатарында УЕФА Конференциялар лигасында өнер көрсетті.
2019 жылы футболшы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылып, бір матчқа қатысты. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны 100 мың еуро (шамамен 60 млн теңге).
Фото: ҚФФ