Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Ақтөбеде 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы екінші ойынын өткізіп, Англия U-21 құрамасынан жеңілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Қобыланды батыр» стадионында өткен кездесуде Денис Мамонов шәкірттері қарсыластарға 0:2 есебімен жол берді. Англия сапынан «Арсенал» клубының жас жұлдызы Итан Нванери және мадридтік «Реал» ойыншысы Джуд Беллингемнің інісі Джоб Беллингем гол соқты.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы іріктеудің алғашқы турында Андорра U-21 командасын 1:0 есебімен ұтып, турнирді сәтті бастаған еді.
Екі турдан кейін Қазақстан U-21 құрамасы 3 ұпаймен өз тобының 5-орнында тұр. Келесі матч 9 қазанда сырт алаңда Андорраға қарсы өтеді.