Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Сербияны сенімді түрде жеңді
Грекияның Салоники қаласында 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Сербия құрамалары кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасының бастапқы құрамасында Буч, Қалиқұлов, Нұрболат, Жексенбек, Кенсебеков, Нұрғали, Төлеухан, Бекболат, Исмағұлов, Қалиев және Петрик өнер көрсетті.
Матчтың 9-минутында сербиялық Давид Милованович есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Алайда 25-минутта Төре Исмағұлов таразы басын теңестірді.
Екінші таймның басында қазақстандықтар қатарынан екі гол соқты. Екі доптың авторы Исмаил Бекболат атанып, командасына сенімді жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 3:1, Қазақстан құрамасының пайдасында.
Айта кетейік, матч алдында мамандар Сербия құрамасын фаворит санаған болатын.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін сенсациялық нәтижемен бастап, Португалия құрамасымен 1:1 есебімен тең түскен еді.
Енді қазақстандық жас футболшылар 9 маусым күні шағын турнир қожайыны Грекия құрамасына қарсы алаңға шығады. Алтыншы топтан келесі кезеңге үздік үш команда жолдама алады.
Тақырып: Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Сербияны жеңіп, Еуро-2027 іріктеуіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: ҚФФ
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған