17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамалары 2026/27 жылғы УЕФА Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан U-19 құрамасы ЕУРО-2026/27 іріктеу кезеңінде А лигасының 6-тобында өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары – Португалия, Сербия және Грекия. Топтық кезең ойындары келер жылы маусым айында Грекияда өтеді.
Ал Қазақстан U-17 құрамасы ЕУРО-2026/27 іріктеуінің бірінші раундына қатысады. Қазақстан құрамасы Аустрия және Грузия командалармен бірге 14-топқа түсті. Жарысты 2026 жылы қараша айында Грузия елі қабылдайды.
Фото: ҚФФ