Футболдан 2026/27 жылғы маусымдағы UEFA Ұлттар лигасының топтық кезеңіне арналған жеребе 12 ақпанда тартылады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасында өнер көрсетеді. Жеребе алдындағы орналастыру бойынша қазақстандық құрама бірінші себетке кірді. Бұл себетте Қазақстанмен бірге Исландия, Албания және Черногория құрамалары бар.
2024/25 жылғы маусымда Қазақстан құрамасы В лигасының үшінші тобында бақ сынады. Алты матчтың бесеуінде жеңіліп, бір кездесуде тең нәтиже көрсеткен ұлттық құрама өз тобында соңғы, төртінші орынға тұрақтап, С лигасына қайта төмендеді.
Жеребе алдындағы құрамалардың себеттер бойынша бөлінісі төмендегідей:
А лигасы
Бірінші себет: Португалия, Испания, Франция, Германия
Екінші себет: Италия, Нидерланд, Дания, Хорватия
Үшінші себет: Сербия, Бельгия, Англия, Норвегия
Төртінші себет: Уэльс, Чехия, Грекия, Түркия
В лигасы
Бірінші себет: Шотландия, Венгрия, Польша, Израиль
Екінші себет: Швейцария, Босния және Герцеговина, Аустрия, Украина
Үшінші себет: Словения, Грузия, Ирландия, Румыния
Төртінші себет: Швеция, Солтүстік Македония, Солтүстік Ирландия, Косово
С лигасы
Бірінші себет: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан
Екінші себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения
Үшінші себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония
Төртінші себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино
D лигасы
Бірінші себет: Әзербайжан, Литва
Екінші себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Лихтенштейн, Андорра
Ұлттар лигасы–2026/27 күнтізбесі
1-тур: 24–26 қыркүйек 2026 жыл
2-тур: 27–30 қыркүйек 2026 жыл
3-тур: 30 қыркүйек – 3 қазан 2026 жыл
4-тур: 4–6 қазан 2026 жыл
5-тур: 12–14 қараша 2026 жыл
6-тур: 15–17 қараша 2026 жыл
Ширек финал мен плей-офф ойындары 2027 жылғы 25–30 наурыз аралығында өтеді.
Фото: ҚФФ