Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Қазақстанның 2028 және 2029 жылдары Конференциялар лигасының финалын өткізуге өтінім бергенін растады, деп хабарлайды malimsports.kz.
УЕФА атқару комитетінің мәліметінше, финал өтетін қалалар мен стадиондар 2026 жылғы қыркүйекте анықталады.
«2028 және 2029 жылдардағы клубтық турнирлер финалдарын өткізуге өтінім беру рәсімі 11 шілдеде басталды. Ұлттық қауымдастықтар 2025 жылдың 22 қазанға дейін қызығушылығын білдіруі қажет болды», – делінген ұйымның хабарламасында.
УЕФА Конференциялар лигасының финалы өтетін мүмкін қалалар мен стадиондар
2028 жыл:
Франция: Лилль, «Пьер Моруа»
Венгрия: Будапешт, «Пушкаш Арена»
Италия: Турин, «Ювентус Стэдиум»
Қазақстан: Астана, «Астана Арена» немесе Алматы, «Алматы Арена» (қала мен стадион өтінім кезінде нақтыланады)
Польша: Гданьск, «Арена Гданьск»
2029 жыл:
Финляндия: Хельсинки, «Олимпиястадион»
Франция: Лилль, «Пьер Моруа»
Венгрия: Будапешт, «Пушкаш Арена»
Италия: Турин, «Ювентус Стэдиум»
Қазақстан: Астана, «Астана Арена» немесе Алматы, «Алматы Арена»
Польша: Гданьск, «Арена Гданьск»
Бұған дейін УЕФА әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу тәртібін өзгертуді жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.
Қазақстандағы стадиондардың осы деңгейдегі халықаралық финалдар үшін жарамдылығы және өтінімнің қабылдануы ел футболының дамуы үшін маңызды қадам болмақ.
20:14, 31 Қазан 2025 | GMT +5
УЕФА Конференциялар лигасының финалы Қазақстанда өтуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Қазақстаннан 2028 және 2029 жылдары Конференциялар лигасының финалын өткізуге қызығушылық білдірген өтінімді қабылдағанын растады.
Фото: Report