457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан UEFA коэффициенттер рейтингінде бір саты төмендеді

Еурокубок бәсекелерінің екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтардан кейін жаңартылған коэффициенттер кестесінде Қазақстан бір саты төмен сырғыды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазіргі таңда еліміз 12.000 ұпаймен 37-орында тұр. Бұған дейін Қазақстан 36-сатыда орналасқан болатын.

Апта барысында ел қоржынына ұпайды қостанайлық «Тобыл» қосты. UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында қазақстандық клуб сырт алаңда литвалық «Паневежиспен» 1:1 есебімен тең түсіп, ел қоржынына 0,125 ұпай салды.

Ал алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында сырт алаңда кипрлік «Омониядан» 0:1 есебімен жеңіліп, коэффициент қоржынына ұпай қоса алмады. UEFA рейтингіндегі ұпайлар еурокубоктарға қатысқан ел клубтарының санына қарай бөлінеді.

Жаңартылған рейтингте Латвия 12.250 ұпаймен Қазақстанды басып озып, 36-орынға көтерілді. Ал Қазақстаннан кейін Финляндия 11.625 ұпаймен 38-сатыда орналасқан.

Айта кетейік, қарымта кездесулер 29 және 30 шілдеде өтеді. 29 шілдеде «Қайрат» Алматыда «Омонияны» қабылдаса, келесі күні Қостанайда «Тобыл» литвалық «Паневежиспен» кездеседі. Бұл ойындардың нәтижесі Қазақстанның UEFA коэффициенттер рейтингіндегі жағдайына әсер етуі мүмкін.

 

Фото: "Тобыл" ФК