Мәзір
Футбол

Қазақстан U19 құрамасы Словениядағы екінші ойында жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 87 қаралым
Қазақстан U19 құрамасы Словениядағы екінші ойында жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан U19 құрамасы Словенияда өтіп жатқан Slovenia Nations Cup-2025 халықаралық турниріндегі екінші матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жерлестеріміз бүгін халықаралық жарыстағы екінші ойынын Шотландия U19 құрамасымен өткізіп, қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Ұлттық құрама сапынан Исмаил Бекболат пен Азамат Тұяқбаев мергендік танытты.

Айта кетейік, алғашқы кездесуде біздің жігіттер БАӘ U19 құрамасымен ойнап, 5:1 есебімен айқын жеңіске жеткен еді.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар