Мәзір
Футбол

Қазақстан U19 құрамасы бүгін Шотландиямен кездеседі

Сабина Асқарқызы 9 қаралым
Қазақстан U19 құрамасы бүгін Шотландиямен кездеседі

Футболдан Қазақстан U19 құрамасы Словенияда өтіп жатқан Slovenia Nations Cup-2025 халықаралық турниріне қатысып жатыр. Жерлестеріміз бүгін жарыстағы екінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алғашқы кездесуде біздің команда БАӘ U19 құрамасымен ойнап, 5:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Ұлттық құраманың сапынан Исмаил Бекболат, Әбіш Мұхаммедәли, Әкежан Каликулов және Евгений Петрик гол соғып, мергендігімен көзге түсті.

Қазақстан жасөспірімдері бүгін турнирдің екінші ойынында Шотландия U19 құрамасымен кездеседі. Матч елорда уақытымен 16:00-де басталады.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар