457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан U-19 құрамасының ЕУРО-2026/27 екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Швейцарияның Ньон қаласында 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2026/27 жылғы Еуропа чемпионаты екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп қабарлайды malimsports.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-19 құрамасы А Лигасының екінші тобына түсті. Іріктеу кезеңінде біздің команда Бельгия, Шотландия және Косово жасөспірімдер құрамаларымен кездеседі.

Турнир матчтары күзгі халықаралық үзілістердің бірінде (2026 жылдың қыркүйек-қазан немесе қараша айларында) өтеді. Ойындардың өтетін орны кейінірек белгілі болады.

А Лигасының екінші кезеңінде өз топтарында алғашқы үш орынды иеленген командалар іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алады, бұл бәсеке 2027 жылдың көктемінде ұйымдастырылады. Оларға В Лигасы топтарының жеңімпаздары қосылады.

Үшінші кезеңде 28 құрама төрт командадан жеті топқа бөлінеді. Топ жарған жеті ұжым алдағы доданың қожайыны – Чехияға қосылып, финалдық кезеңде бақ сынайды.

 

Фото: ҚФФ