457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің екінші кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды

Екі тур қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен топ көшін бастап тұр

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің екінші кезеңіне мерзімінен бұрын шықты.

Бұл мүмкіндік 6-топтағы екінші тур аясында өткен Португалия мен Грекия құрамалары арасындағы матчтың 0:0 есебімен аяқталуынан кейін белгілі болды.

Екі тур қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен топ көшін бастап тұр. Сербия құрамасының еншісінде – 3 ұпай, Португалияда – 2 ұпай болса, Грекия әзірге 1 ұпаймен соңғы орында келеді.

Топтық кезеңнің аяқталуына бір ғана тур қалғанына қарамастан, Қазақстан құрамасының төртінші орынға түсіп қалмайтыны анықталды. Турнир регламентіне сәйкес, әр топтағы алғашқы үш команда А лигасындағы орнын сақтап қалып, Еуро-2027 іріктеуінің келесі кезеңіне жолдама алады. Ал соңғы орын алған құрама В лигасына түседі.

Осылайша, қазақстандық жас футболшылар соңғы турдағы нәтижеге қарамастан, А лиганың екінші іріктеу кезеңіне қатысу құқығын қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу турниріндегі алғашқы кездесуінде Португалиямен 1:1 есебімен тең ойнаған болатын. Ал екінші матчта Сербияны 3:1 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

Қазақстан U-19 құрамасы топтық кезеңдегі соңғы матчын 9 маусым күні турнир қожайыны Грекия құрамасына қарсы өткізеді.

Фото: ҚФФ