457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан U-17 құрамасы Даниядан ірі есеппен жеңілді

Бұған дейін Австриямен өткен кездесуде (0:0) жақсы нәтиже көрсеткен

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) Еуро-2026 іріктеу кезеңінде Даниядан ірі есеппен жеңілді.

А лигасының элиталық раундының екінші турында Бауыржан Сағындық баптайтын команда Дания құрамасына 0:3 есебімен жол берді. Бұған дейін Австриямен өткен кездесуде (0:0) жақсы нәтиже көрсеткен қазақстандықтар бұл ойында сол табысын жалғастыра алмады.

Кездесу Данияның Хельсингёр қаласында өтті. Алаң иелері матчтың алғашқы минуттарынан бастап ойын тізгінін өз қолына алды. 21-минутта армениялық төреші Ашот Галтахчян Қазақстан қақпасына пенальти белгілеп, оны Омран Марван Хатар дәл орындады.

39-минутта Хатар тағы бір гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Бірінші таймдағы осы нәтиже ойын тағдырын шешіп қойды деуге болады.

Екінші таймда қазақстандық бапкерлер құрамы ойынға өзгеріс енгізуге тырысқанымен, дат футболшыларының деңгейі басым болды. 69-минутта Миккель Бро Хансен үшінші голды соғып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Осылайша, екі турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде небәрі бір ұпай ғана қалды. Бұл нәтиже команданың турнирлік жағдайын күрделендірді. Қазір топта Дания төрт ұпаймен көш бастап тұр, ал Чехия мен Австрияда екі ұпайдан бар. Қазақстан соңғы орында.

Енді Қазақстан құрамасы 31 наурыз күні Чехияға қарсы шешуші матч өткізеді. Топта қалу және жоғары нәтиже көрсету үшін біздің командаға тек жеңіс қажет.

Айта кетейік, топ жеңімпазы ғана Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Фото: ҚФФ