Жарыстың алғашқы күні біздің команда Минск құрамасымен кездесті
457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан U-17 құрамасы Даму Кубогын жеңіспен бастады

Жарыстың алғашқы күні біздің команда Минск құрамасымен кездесті

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусь елінде өтіп жатқан Даму Кубогы турниріндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың алғашқы күні біздің команда Минск құрамасымен кездесті. Матч есебі алғашқы таймда ашылды: гол авторы - Дигдар Омаров. Екінші таймда Ислам Рақым пенальтиден есепті еселесе, Дигдар Омаров екінші голын соқты.

Келесі ойында Қазақстан құрамасы бүгін Беларусь U-17 құрамасымен кездеседі. Матч 20:00-де басталады. Ал 21 ақпанда 13:00-де біздің жасөспірімдер Тәжікстан U-17 құрамасына қарсы ойнайды.

Турнирге сегіз команда қатысып жатыр: Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Минск қаласының құрамасы. Командалар екі топқа бөлінген. «А» тобында Қазақстан Беларусь, Тәжікстан және Минск құрамаларымен ойнайды. «В» тобында Беларусь U-16, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей құрамалары бақ сынауда.

 

 

Фото: ҚФФ