Мәзір
Футбол

Қазақстан U-16 Қырғызстан құрамасын ойсырата жеңді

Сабина Асқарқызы 101 қаралым
Қазақстан U-16 Қырғызстан құрамасын ойсырата жеңді

Қазақстан U-16 жасөспірімдер құрамасы Шымкентте өткен жолдастық кездесуде Қырғызстан U-16 командасынан ірі есеппен басым түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесудің бірінші таймы голсыз аяқталғанымен, екінші таймда қазақстандықтар толық үстемдік көрсетті. 52-минутта Бекнұр Нұрман есеп ашса, 72-минутта алаңға тыңнан қосылған Максим Бонет айырманы ұлғайтты. Одан кейін 77-минутта Никита Духов мергендік танытты.

84-минутта Ерасыл Ибатулла тағы бір нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, гол соқты. Ал ойынның соңғы нүктесін 88-минутта Алихан Қуандық пенальтиден қойды.

Осылайша Қазақстан құрамасы матчты 5:0 есебімен жеңіп, сенімді ойын өрнегін көрсетті. Кездесу Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында өтті.

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар