Мәзір
Футбол

Қазақстан U-16 құрамасы Talents Cup турнирінде топ жарды

Сабина Асқарқызы 94 қаралым
Қазақстан U-16 құрамасы Talents Cup турнирінде топ жарды

Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Talents Cup турнирінің жеңімпазы атанды.

Турнир барысында қазақстандық команда үш матч өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетті. Нәтижесінде алты ұпай жинаған жерлестеріміз турнирлік кестеде бірінші орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Давид Зеречный турнирдің үздік ойыншысы атанса, Абай Заманбек үздік қақпашы деп танылды.

Айта кетейік, турнирдегі соңғы кездесуде Қазақстан U-16 құрамасы Тәжікстанның жасөспірімдер командасына жол берді.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық футбол құрамасының маусым айындағы FIFA терезесіндегі қарсыласы анықталған еді.

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар