Қазақстанның жастар құрамасының (U-21) жартылай қорғаушысы Мүслім Жұмат мансабын Қызылорданың «Қайсар» футбол клубында жалғастырады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Тараз футбол мектебінің түлегі Мүслім Жұмат «Қайсардың» жаңа ойыншысы атанды. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өткен маусымда «Тараз» командасы сапында 26 матч өткізіп, 6 гол соққан.
Жалпы «Тараз» клубындағы кезеңінде жартылай қорғаушы 82 ойынға қатысып, 9 рет мергендік танытып, 7 нәтижелі пас берген.
Сондай-ақ Мүслім Жұмат Қазақстанның жастар құрамасы сапында 2026 жылғы Еуропа чемпионатының (U-21) іріктеу кезеңінде Молдова құрамасына қарсы өткен кездесуде алаңға шыққан.
Фото: "Қайсар" ФК