Қазақстан құрамасының жаңа бапкері кім болады? ҚФФ жауап берді
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін іріктеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оның сөзінше, қазіргі таңда жаттықтырушылар кеңесі қазақстандық және шетелдік мамандардың кандидатураларын қарастырып жатыр.
Қазір ең басты міндет – ұлттық құрамаға лайықты бас бапкерді табу. Жаттықтырушылар кеңесі жергілікті де, шетелдік те мамандардың кандидатураларын қарап жатыр. Біз үшін ең қолайлы үміткерді таңдаймыз, – деді Марат Омаров.
Сондай-ақ ҚФФ президенті Талғат Байсуфиновтің қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді.
Бас бапкердің қызметінен кетуі – өзінің жеке шешімі. Біз оны құрметпен қабылдадық. Өкінішке қарай, осындай шешімге келдік. Дегенмен алға жылжып, дамуды жалғастырамыз. Оның федерация жүйесінде қала беретініне қуаныштымыз әрі атқарған еңбегі үшін алғыс айтамыз, – деді ол.
Еске салайық, Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының тізгінін 2025 жылдың қазан айында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде үш матч өткізіп, Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ Солтүстік Македония және Бельгия құрамаларымен 1:1 есебімен тең түсті.
Фото: ҚФФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған