457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Шахтерге» ауысты

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы құрамын қазақстандық қорғаушы Лев Скворцовпен толықтырды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жаңа ойыншы бұған дейін еліміздің түрлі жас деңгейіндегі ұлттық құрамаларында өнер көрсетіп, кейін Қазақстан ұлттық құрамасына дейін көтерілді. Қазіргі таңда оның еншісінде ұлттық құрама сапындағы 8 матч бар.

Клубтық мансабында Лев Скворцов Қазақстанның «Астана», «Атырау», «Тұран» және «Ақтөбе» командаларында, сондай-ақ Ресейдің «Химки» мен «Шинник» клубтарында доп тепкен. Оның соңғы командасы Түркияның Serik Spor клубы болды.

Әмбебап қорғаушы бірнеше позицияда ойнай алады. Ол жылдамдығымен және қазіргі футбол талаптарына сай ойын мәнерімен ерекшеленеді.

Тараптар арасында 2,5 жылдық келісімшарт жасалған.

 

Фото: ҚФФ