Қазақстан құрамасының ойыншысы «Крылья Советов» сапына қосылды
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков мансабын Ресейде жалғастырады. 26 жастағы футболшы Самараның «Крылья Советов» клубына ауысты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Самаралық клуб пен Қостанайдың «Тобыл» командасы футболшының трансфері бойынша келісімге келді. Чесноков жаңа клуб сапында сатып алу құқығымен жалға алу шарты негізінде өнер көрсетеді.
«Крылья Советов» басшылығы қазақстандық жартылай қорғаушыны ұзақ уақыт бойы бақылағанын және оның команданың шабуыл әлеуетін арттыра алатынына сенім білдірді.
Ислам Чесноков – Өскеменнің «Алтай» футбол академиясының түлегі. Кәсіби мансабында Беларусьтің «Белшина» клубында өнер көрсетіп, 2023 жылдан бастап Қостанайдың «Тобыл» командасының намысын қорғады.
2024 жылғы маусым қорытындысында Ислам Чесноков Қазақстан Премьер-лигасының үздік ойыншысы әрі үздік сұрмергені атанды.
2026 жылдың басында «Тобылмен» келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде Шотландияның «Хартс» клубына ауысып, команда сапында 11 матч өткізіп, бір гол соқты. Сондай-ақ Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Биыл 28 маусымда Ислам Чесноков қайтадан «Тобыл» клубына оралып, қостанайлық командамен 2028 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойған еді. Енді қазақстандық футболшы мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырады.
Фото: «Крылья Советов» ФК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған