«Қайрат» футзал командасының негізгі ойыншылары Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұловпен келісімшартты ұзарту бойынша ортақ шешімге келе алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Екі футболшының да қазіргі келісімшарты 2025/26 маусымының соңына дейін жарамды. Ойыншылар өздері мансабын Алматыда жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды, алайда жаңартылған, жақсартылған шарттарды күтуде. Қазіргі таңда бұл мәселеде тараптар ымыраға келе алған жоқ.
Futsalkazakhstan мәліметінше, Оразов пен Тұрсағұловқа Ресейдің екі клубы қызығушылық танытып отыр. Солардың бірі – «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Пауло Рикардо Кака тізгіндеген «ИрАэро» клубы болуы ықтимал.
Фото: "Қайрат" футзал клубы