Мәзір
Футбол

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны бір сатыға жақсарды

Сабина Асқарқызы 188 қаралым
Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны бір сатыға жақсарды

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы – FIFA футболдан ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Жаңа рейтингке сәйкес, Қазақстан ұлттық құрамасы бір сатыға жоғарылап, 115-орыннан 114-орынға көтерілді.

Талғат Байсуфинов жаттықтыратын ұлттық команда қараша айында екі кездесу өткізді. 15 қараша күні Қазақстан өз алаңында Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнап, маңызды бір ұпай еншіледі. Бұл нәтиже рейтингте жоғарылауына әсер етті. Ал 18 қарашада Фарер аралдарына қарсы жолдастық матчта қазақстандықтар 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

FIFA рейтингі (алғашқы ондық):

Испания – 1877.18

Аргентина – 1873.33

Франция – 1870.00

Англия – 1834.12

Бразилия – 1760.46

Португалия – 1760.38

Нидерланд –1756.27

Бельгия – 1730.71

Германия – 1724.15

Хорватия – 1716.88

Айта кетейік, рейтингтегі әрбір саты ұлттық құраманың халықаралық аренадағы нәтижелеріне тікелей байланысты есептеледі.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар