Мәзір
Футбол

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Астанаға» ауысты

Сабина Асқарқызы 63 қаралым
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Астанаға» ауысты

Елордалық «Астана» клубы тәжірибелі жартылай қорғаушы Александр Меркельмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Александр Меркель футболдағы алғашқы қадамдарын Германияның «Штутгарт» және Италияның «Милан» академияларында бастаған. Кейін Еуропаның бірқатар беделді чемпионаттарында өнер көрсетіп, мол тәжірибе жинады.

Мансабы барысында ол «Милан», «Дженоа», «Удинезе», «Уотфорд», «Хераклес» және өзге де танымал клубтардың намысын қорғады.

Сондай-ақ Александр Меркель Қазақстан ұлттық құрамасының сапында да ойнаған.

 

Фото: "Астана" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар