Мәзір
Футбол

Қазақстан құрамасы Уэльске өз алаңында есе жіберді

Сабина Асқарқызы 211 қаралым
Қазақстан құрамасы Уэльске өз алаңында есе жіберді

Бүгін «Астана Арена» стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамалары кездесіп, матч 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ойын тағдырын жалғыз гол шешті. 51-минутта Ғалымжан Кенжебек есепті теңестіруге шақ қалды, алайда оның қатты соққысы қақпа маңдайшасынан кері серпілді. Қосымша уақыттың соңғы секундтарында да жанкүйерлер дәмелі болды — алаң иелері айып соққысын орындағанымен, доп тағы да қақпа маңдайшасына тиді.

Ұйымдастырушылардың дерегінше, ойынды 28 219 көрермен тамашалады.

Қазақстан құрамасы J тобында бұған дейін төрт ойын өткізді. Наурызда Кардиффте Уэльске 1:3 есебімен жол берген еді. Кейін сырт алаңда Лихтенштейнді 1:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен ұтылды. Бүгінгі нәтижеден кейін қазақстандықтар Уэльстен тағы да жеңіліп отыр.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар