Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Қазақстан футбол федерациясы Мажарстан футбол федерациясымен ұлттық құрамалар арасында жолдастық кездесу өткізу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Матч 2026 жылдың 9 маусымында Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Киелі шаһарда ұйымдастырылатын бұл ойын жанкүйерлер үшін ерекше оқиға болмақ.
Алдағы кездесу Қазақстан мен Мажарстан ұлттық футбол құрамасы арасындағы үшінші матч ретінде тарихқа енеді. Бұған дейінгі екі ойында Қазақстан құрамасы бір рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңіліс тапқан.
Фото: ҚФФ