457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға жетті

Матч13 қазан күні, Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін кезекті матчқа қатысу үшін Солтүстік Македония астанасы Скопье қаласына келді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Бүгін ұлттық құраманың жоспарында ойын алдындағы ресми баспасөз мәслихаты мен соңғы жаттығу бар.

Кездесу 13 қазан күні, Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады. Матчты жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Команданың шабуылшысы Максим Самородов бұл кездесуге сары қағаздардың көптігіне байланысты қатыспайды.
Бұл - бас бапкердің шабуылдағы тактикалық таңдауларына әсер етуі мүмкін негізгі факторлардың бірі.

Қазақстан құрамасы J тобында өнер көрсетіп жатыр.
Қазіргі нәтижелер бойынша:

Қазақстан – 6 ұпаймен төртінші орында;

Солтүстік Македония – 12 ұпаймен бірінші орында тұр.

Отандастарымыз бұған дейінгі кездесулерде:

Бельгиядан – 0:6,

Солтүстік Македониядан – 0:1,

Уэльстен – 1:3 және 0:1 есебімен жеңілді,

Ал Лихтенштейнді екі мәрте – 2:0 және 4:0 есебімен ұтты.

Өз кезегінде Солтүстік Македония құрамасы:

Лихтенштейнді – 3:0 және 5:0 есебімен жеңіп,

Бельгиямен – 1:1 және 0:0,

Уэльспен – 1:1 есебімен тең түсті.

Матчтың төрешілер құрамы

Бұл ойынды Испаниядан келген төрешілер бригадасы басқарады:

Бас төреші: Хуан Мартинес,

Қос көмекшілер: Диего Барберо мен Иван Массо,

Төртінші төреші: Алехандро Муньис Руис.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы