457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы Бельгиядан ойсырай жеңілді

Лувенде өткен матч 6:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында Бельгиямен кездесіп, ауыр жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды malimsports.kz

Лувенде өткен матч 6:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Али Алиев бастаған қазақстандықтардың бастапқы құрамында қақпаны Мұхамеджан Сейсен қорғады. Қорғаныс шебінде Нұралы Әліп, Әлібек Қасым, Сұлтанбек Астанов, Улар Жақсыбаев және Ян Вороговский өнер көрсетті. Ортада Серікжан Мужиков пен Рамазан Оразов ойнаса, алдыңғы шепте Максим Самородов, Оралхан Өміртаев және Ғалымжан Кенжебек шықты.

Алғашқы таймда бельгиялықтар Кевин Де Брюйне мен Жереми Докудың голдарының арқасында алға шықты. Үзілістен соң Дастан Сәтпаев пен Ислам Чесноков ойынға қосылғанымен, есепті өзгерту мүмкін болмады. Керісінше, Бельгия тағы төрт мәрте қазақстандықтардың қақпасын дәл көздеп, ойынды ірі есеппен аяқтады.

Бұл нәтиже ұлттық құрама үшін іріктеу кезеңіндегі жағдайды одан сайын қиындатты. Еске салайық, бұған дейін Қазақстан өз алаңында Уэльске 0:1 есебімен есе жіберген еді.

Фото: Sports24.kz