457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан қақпашысы ойнайтын Әзербайжан клубы көшбастап тұр

Әзербайжан Премьер-лигасының 20-туры аясында «Сабах» сырт алаңда «Габала» командасын 1:0 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжан чемпионатында өнер көрсететін «Сабах» клубы сапында кезекті рет сенімді ойын көрсетті.

Әзербайжан Премьер-лигасының 20-туры аясында «Сабах» сырт алаңда «Габала» командасын 1:0 есебімен жеңді.

Ойынның жалғыз әрі шешуші голын 54-минутта қонақтардың шабуылшысы Хаял Алиев соқты.

Кездесуде қазақстандық қақпашы Стас Покатилов капитандық таңғышпен алаңға шығып, толық матч өткізді және өз қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Бұл жеңістен кейін «Сабах» турнир кестесінде көшбасшылықты нығайтып, 49 ұпаймен

Ойыннан кейін Стас Покатилов кездесудің өте ауыр өткенін айтып өтті:

«Бұл өте қиын ойын болды. Соңғы минуттарда жүйке қатты жұмыс істеді. Бірақ ең бастысы жеңіс».

Сондай-ақ қақпашы жеке статистикаға аса мән бермейтінін жеткізді:

«Статистикаға көп қарамауға тырысамын. Ең маңыздысы – команданың нәтижесі. Біз әр ойында жеңуіміз керек».

Айта кетейік, бұл матч Покатилов үшін маусымдағы 12-ші «құрғақ ойыны» болды.

Фото: "Сабах" клубы