Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымы 7 наурызда басталады
7 наурыз күні Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы жаңа маусымы басталады. Футбол жанкүйерлері көптен күткен үлкен футболдың оралуын тамашалайды.
Ел чемпионаты бірінші турдың бірнеше ойынымен ашылады.
Бірінші ойын күнінде командалар Қазақстанның түрлі қалаларында алаңға шығады. Ал тур ойындары екі күнге жоспарланған.
Қазақстан Премьер-лигасы, 1-тур кестесі (уақыты – Астана бойынша):
7 наурыз
«Окжетпес» – «Елімай» (14:00)
«Алтай» – «Қайрат» (16:00)
«Ақтөбе» – «Тобыл» (17:00)
«Ордабасы» – «Ертіс» (19:30)
8 наурыз
«Қызылжар» – «Каспий» (14:00)
«Атырау» – «Ұлытау» (15:00)
«Қайсар» – «Жеңіс» (16:00)
«Астана» – «Жетісу» (18:00)
Айта кетейік, 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы – «Қайрат» клубы. Алматылық команда соңғы турда «Астанамен» 1:1 есебімен тең ойнап, 59 ұпай жинап, алтын медаль иеленген еді.
Фото: «Тобыл» ФК баспасөз қызметі
Ең көп оқылған