457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымына 126 легионер тіркелді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында барлығы 126 шетелдік футболшы тіркелген, деп хабарлайды malimsports.kz.

Легионерлер арасында ең көп ойыншы Беларусьтен келген. Бұл елден Қазақстан клубтарында 14 футболшы өнер көрсетеді.

Келесі орындарда:

Ресей – 12 ойыншы

Сербия – 11 ойыншы

Сонымен қатар Қазақстан чемпионатында көптеген елдердің футболшылары доп тебеді. Олардың қатарында Украина, Бразилия, Хорватия, Португалия, Нигерия, Грузия, Черногория, Босния және Герцеговина, Жапония, Сенегал, Гана, Финляндия, Аргентина, Испания, Албания, Болгария, Франция, Кот-д’Ивуар, Камерун, Никарагуа, Гвинея, Того, Колумбия, Марокко, Нигер, Түркия, Германия, Словакия, Румыния, Литва, Швеция, Чили, Израиль, Венесуэла, Фарер аралдары және Молдова елдерінің өкілдері бар.

Осылайша, жанкүйерлер Қазақстан чемпионатында әлемнің түрлі елдерінен келген футболшылардың ойынын тамашалай алады.

 

 

Фото: "Ақтөбе" ФК