Қазақстан-Мальта матчы Кирилл Кекерді еске алумен басталды
Бүгінгі 19 жасқа дейінгі Қазақстан және Мальта қыздар құрамалары арасындағы матч Кирилл Кекердің өмірден өткеніне байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін «Қайрат» футбол клубы академиясының жетекшісі, бұрын негізгі команданың бас бапкері болған Кирилл Кекер 46 жасында өмірден өткен еді.
Кирилл Кекер 2022 жылдың жазында «Қайраттың» бас бапкері болып тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен алматылықтар 29 жеңіс, 15 тең ойын және 16 жеңіліс тіркеді. Сондай-ақ осы кезеңде клуб академиясының 13 түлегі негізгі құрамда дебют жасаған.
Фото: ҚФФ
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған