457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан кубогы: «Қайсар» жартылай финалдың алғашқы матчында «Жеңісті» жеңді

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы кездесуде Қызылорданың «Қайсар» клубы өз алаңында елордалық «Жеңісті» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч барысында «Қайсар» сапынан Виктор Мозес бір мәрте мергендік танытса, Нұралы Жақсылық дубль авторы атанып, командасының сенімді жеңісіне зор үлес қосты.

Осылайша, қызылордалық клуб қарымта матч алдында басымдыққа ие болды. Жартылай финалдың жауапты кездесуі 19 тамызда өтеді.

Еске салайық, ширек финалда «Жеңіс» Петропавлдың «Қызылжар» командасын жарыс жолынан шығарса, «Қайсар» пенальти сериясында Қостанайдың «Тобыл» клубынан басым түскен болатын.

Қазақстан кубогының финалында осы жұптың жеңімпазы «Ордабасы» мен «Алтай» арасындағы жартылай финалдың үздігімен кездеседі. Алғашқы ойында шымкенттік клуб 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

 

Фото: "Қайсар" ФК