457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан футзалшылары Әзербайжанмен жолдастық матч өткізеді

ФИФА күнтізбесіне сәйкес ұлттық құрама 5-15 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының сәуір айындағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі жарияланды.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.

ФИФА күнтізбесіне сәйкес ұлттық құрама 5-15 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бас бапкер Рикардо Камара Собрал (Какау) жетекшілік ететін команда жиын аясында Ақтау қаласында Әзербайжан құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Кездесулер 13 және 15 сәуір күндеріне жоспарланған.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар:
Лео Игита, Нарун Серіков («Ақтөбе»), Дәулет Затыбеков («Тұлпар»).

Алаңдағы ойыншылар:
Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Турсагулов (барлығы - «Қайрат»), Арнольд Кнауб, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Ержан Карменов (барлығы - «Семей»), Азат Валиуллин («Аят»), Жахангир Рашит («Атырау»), Ақжол Дәрібай («Тұлпар»), Дамир Қайырбай («Каспий»), Альберт Ақбалықов («Ақтөбе»), Ақеділ Мадияров («Байтерек»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).

Еске салайық, бұған дейін Рикардо Камара Собрал, яғни Какау, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалған еді.

Фото: ҚФФ