457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан футболшыларына топ-клубтар қызығушылық таныта бастағаны белгілі болды

Бапкердің сөзінше, қазақстандық футбол нарығы енді еуропалық скауттардың назарында болады.

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Азия аймағындағы ойыншыларға, соның ішінде қазақстандық футболшыларға жетекші еуропалық клубтардың қызығушылығы артып келе жатқанын айтты, деп жазады malimsports.kz

Бұл туралы Sports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Бапкердің сөзінше, қазақстандық футбол нарығы енді еуропалық скауттардың назарында болады.

«Енді біздің нарыққа да белсенді түрде қарай бастайды. Өзбекстанда Хусановты „Манчестер Сити“ сатып алды, ал біздің Дастан Сатпаев жақын арада „Челсиге“ аттанады. „Челсидің“ бас скауты арнайы келіп, қазір топ-клубтар Азия нарығына бұрынғыдан да көбірек көңіл бөле бастайтынын айтты», - деді Уразбахтин.

Оның айтуынша, бұл үрдіс қазақстандық жас футболшылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар еуропалық клубтар ойыншыларды ұзақ мерзімде бақылап, бірнеше жыл бойы жүйелі түрде дамытуға дайын.

Фото: Ашық дереккөзден